Положение

"Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі


1.    Жалпы ережелер

1. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу және мемлекеттік сатып алуға талдау жасау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы ауданы, Әлиханов көшесі, 13.
9. Мемлекеттік органның толық атауы:
мемлекеттік тілде: "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Управление государственных закупок Карагандинской области".
10. Осы Ереже "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.    Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) миссиясы: мемлекеттік органдармен, мекемелер және кәсіпорындармен өткізілетін, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу және мемлекеттік сатып алуға талдау жасау.
14. Міндеттері:
1) Қарағанды облысы әкімдігі анықтайтын жұмыстар, қызметтер тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;
2) конкурс және аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды талдау.
15. Функциялары:
Қарағанды облысы әкімдігі анықтайтын, жұмыстар, қызметтер тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді;
мемлекеттік органдармен, мекемелер және кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың талдауын ұйымдастырады және жүргізеді;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3.    Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарағанды облысы әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) өз орынбасарының, Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметшілерін лауазымдық қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыретіне сәйкес бұйрықтар шығарады;
5) Басқарма бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Басқарма атынан шығады;
7) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;
8) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басшы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4.    Мемлекеттік органның мүлкі

22. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.    Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. "Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.