ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНI МӘТІНІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Гимнiнiң
музыкалық редакциясы

Әннiң авторы Шәмшi Қалдаяқов


 




 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк гимнiнiң мәтiнi
Сөзiн жазғандар: Жұмекен Нәжiмеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев


 


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерлiктiң дастаны,
Елiме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!


 

Қайырмасы:
Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң - Қазақстаным!


 

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерiм бар.
Бiрлiгi жарасқан,
Тәуелсiз елiм бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгiлiк досындай.
Бiздiң ел бақытты,
Бiздiң ел осындай!


 

Қайырмасы:
Менiң елiм, менiң елiм,
Гүлiң болып егiлемiн,
Жырың болып төгiлемiн, елiм!
Туған жерiм менiң - Қазақстаным!