Ұлт жоспары шеңберінде саясатты іске жоспарын орындау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдары жоспарын орындау бойынша ақпарат

Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдары жоспарын орындау үшін ағымдағы жылдың 9 айында мынадай жұмыстар жүргізілуде:

«2016-2020 жылдарға жаңа  жекешелендірудің кешенді жоспарын әзірлеу туралы» 37 (п/п 18 ОНП) тармағы бойынша

Үстіміздегі жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары жүзеге асырыла бастады. Оған Қарағанды облысының 43 ұйымы кірді. Үстіміздегі жылдың 9 айында келесі жұмыстар жүргізілді:
03 ақпан 2016 жылы коммуналдық меншіктегі ұйымдардың бәсекелестік ортаға беру жөнінде тиісті сату кестесі бекітілген, осыған сәйкес 2016 жылы жекешелендіруге 15 ұйым жатады, соның ішінде Сарыарқа ӘКК 1 еншілес ұйымы.
2016 жылғы 07 қазаңға жекешелендіруге жататын 15 ұйымнан 75653,8 мың теңге сомасында 5 ұйым сатылды, оның ішінде;
- Қарағанды қ. «Қарағанды Көркем» ЖШС – 100% (жарнамалық қызмет). Сату бағасы алғашқы (бағалау) құнындай 2 596,8 мың теңге.
- Жезқазған қ. «Жез Тазалық» ЖШС 100% (аббаттандыру) 05.07.2016 ж. алғашқы (бағалау) 80 000 теңге құнынан 85 000 теңгеге бірінші сауда-саттықта сатылды. Қызмет бейінін сақтау 1 жыл.
- Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» алғашқы (бағалау) 161 206 900 теңге құнынан 42 101 000 теңгеге үшінші сауда-саттықта сатылды (сатып алушы «Джио Трэйд»).  Қызмет бейінін сақтау 10 жыл (денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы).
- Жезқазған қ. «Әкімшілік ғимараттар кәсіпорыны» ЖШС (ғимараттарға қызмет көрсету және ұстау) алғашқы (бағалау) 97 659 000 теңге құнынан 19.08.2016 ж. 30 100 000 теңгеге үшінші сауда-саттықтасатылды. Қызмет бейінін сақтау 5 жыл (денсаулық сақтау басқармасының ұсынысы).
- Сәтбаев қ. «Тазалық – 2020» ЖШС. 49% (абаттандыру), алғашқы (бағалау) 770,0 мың теңге құнынан 20.09.2016 жылы 771,0 мың теңгеге сатылды.
4 ұйым бойынша сауда-саттық жұмыстары жүргізілуде.
«Қарағанды облысының мемлекеттік-жеке әріптестік аймақтық орталығы» АҚ сату (100%). Бірінші сауда-саттық 14 қазан 2016 жылы жоспарланып отыр.
Жезқазған қ. «Полигон» ЖШС (100%) қатысты сауда-саттық 2016 жылғы 28 қазанға жоспарланған.
Балқаш қ. «Жекпе-жек» қалалық спорт клубы» КМҚК.
Бірінші және екінші сауда-саттық өтінімдер болмағандықтан өткен жоқ. Үшінші сауда–саттық 18.10.2016 жылы жоспарланған.  
Саран қаласы «Сұңқар» стадионы» КМҚК. Бірінші сауда-саттық өтінім болмағандықтан 20.09.2016 ж. өтпеді. Екінші сауда – саттық 11.10.2016 жылы жоспарланған.
4 ұйым бойынша сату алды жұмыстары жүргізілуде.
«Арқа-Изобилие» ОӨБК» ЖШС-і (51%) «Сарыарқа» ӘКК еншілесі үйымы.
«Арқа-Изобилие» ОӨБК» ЖШС-і жекешелендірудің Кешенді бағдарламасына сәйкес, «Сарыарқа» ӘКК қатысу үлесін бекітуін үсынған. «Арқа-Изобилие» ОӨБК» ЖШС 2012 жылы 26 қыркүйекте «Арқа» ИБК» ЖШС директорлар Кеңесі шешімімен және «ПК Изобилие А.Т.» ЖШС бірлесе құрылған болатын. «Сарыарқа ҰК» ӘКК 02 қыркүйек 2016 жылғы хатының негізінде, бәсекелестік ортаға беруге үсынған ҰБХ, ҰХ, ҰК және басқа аффилировандық заңды түлғалардың еншілес, тәуелді үйымдар тізбесі ӘКК уәкілетті органымен бекітілмеген. Осыған сәйкес, «Арқа-Изобилие» ОӨБК» ЖШС-гі «Арқа» ИБК» ЖШС үлесін өткізу Азаматтық Кодексі мен Қазақстан Республикасы «Жаупкершілігі шектеулі және қосымша серіктестігі туралы» Заңына сәйкес келмейді. Сонымен қатар, жекешелендірудің Кешенді жоспарын орындау мақсатында, «Арқа» ИБК» ЖШС қатысу үлесінің тәуелсіз бағалау есебі жасалынып,қатысу үлесі нөль теңге құрады. Осыған сәйкес, серіктестіктің жарғылық капиталы берілмеген соманың көлемінде азайтылады және жарғылық капиталдағы қатысушылардың үлесі сол көлемінде өзгереді. Бұл туралы, «Арқа» ИБК» ЖШС төленбеген үлес сомасына жарғылық капиталдың азайуы туралы Арқа-Изобилие» ОӨБК» ЖШС және «ПК Изобилие А.Т.» ЖШС хат жолдаған. 2015 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Арқа-Изобилие» ОӨБК» ЖШС қызметі жүргізілмеген, атқарушы орган жоқ, ал  «ПК Изобилие А.Т.» ЖШС мекен-жайы белгісіз, осыған байланысты барлық құқықтық рәсімдерді өткізуге мүмкіндік болмай тұр.       
Жезқазған қ. «Спорттық сауықтыру кешені» КМҚК үстіміздегі жылдың 28 маусымындағы қала әкімінің қаулысына сәйкес ЖШС болып қайта құрылды (100%). Ұйымға бағалау жүргізу қазанның басында жоспарланып отыр. Сауда-саттыққа қоятын жоспарланған күн үстіміздегі жылдың 28 қазанда.
«Теміртау» спорт клубы» КМҚК 26.09.2016 жылы бағалау туралы есепті дайындауға мемлекеттік сатып алу жарияланды. Қорытындысы – 10.11.2016 жылы шығады. Бірінші сауда-сатыққа қоятын мерзімі 30 қараша 2016 жылға жоспарланған.
Жезқазған қ. «Дидар» Жезқазған қалалық телерадио хабар тарату дирекциясы» ЖШС (100%) қатысты сауда-саттық 2016 жылдың 28 қазанда жоспарланған.
Ағымдағы жылы 2 ұйымды сауда-саттыққа қою мүмкін емес.
Жезқазған қ. «Қалалық автожолдар басқармасы» КМК мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2013 жылғы 23 сәуірдегі шешімімен 2018 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзіммен оңалту рәсімі тағайындалды.
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес Сот оңалту рәсімін қолдану туралы шешім шығарған кезден бастап мынадай салдарлар басталады:
мүлікпен кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді, оларды уақытша әкімшімен келіспей жасасуға тыйым салынады.
Саран қ. «Аббаттандыру» ЖШС (100%) инвестициялық жобаларды іріктеу бойынша жұмыс тобы Ақтас кентіндегі дербес блокты-модульды қазандықты салуға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражаттарынан бөлінетін 580,0 млн. теңге сомасындағы жеңілдетілген несиені алуға ұсыныс білдірді және 2016 жылғы 22 маусымдағы №1 несие шарты негізінде «Жылу-сумен қамсыздандыру және су тартуды қайта салу және салуға арналған несиелеу» бюджеттік бағдарлама бойынша соңғы қарыз алушы анықталды. Модульды қазандықты салуды аяқтау 2017 жылдың аяғында. Соның ішінде ЖШС  3 рет сауда-саттықта тұрды, соның ішінде 1 рет осы жылы.

«Жекешелендіру бойынша кең ауқымды PR-кампания жоспарын әзірлеу және жекешелендіру процессіне тұсініктеме жұмыстарын жүргізу» туралы 41 тармағы бойынша

2016-2020 жылдарға арналған (2016 жылы іске асыру мерзімімен) жекешелендірудің кешенді жоспарының барысын ақпараттық жарыққа шығару бойынша бекітілген Медиа-жоспар шеңберінде осы мәселе бойынша аймақтық және республикалық маңыздағы БАҚ, Кәсіпкерлер палатасы мен Еуразия кәсіпкерлер ассоциациясы арқылы халықты ақпараттандыру бойынша тиісті іс-шаралар жүрзілуде.
Спикерлер пулы мен іс-шаралардың желілік кестесі жасалды.
Жергілікті телеканалдарда тиісті ақпарат берілді (басқарма, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жекешелендіру жүргізу туралы жүгіртпе жолы).
Телевизия мен баспасөздің қатысуымен «СӨС орталығы» КМК және Сәтбаев қаласындағы «Тазалық-2020» ЖШС сатылатын кәсіпорында баспасөз-туры жүргізілді.
Осы жылдың 18 шілдесінде «Первый Карагандинский» телеканалында жекешелендіру бойынша өткізіліп жатқан жұмыстары туралы сұхбат берілді.
28 шілдеде республикалық және аймақтық БАҚ қатысуымен ОКҚ алаңында брифинг өткізілді
«Вектор Инфорум» ақпараттық журналында тамыз айындағы нөмірінде тиісті мақала жарияланды.
Жылдың басынан бастап, республикалық және аймақтық БАҚ 94 материалдар жарияланып, БАҚ электрондық эфирінде 54 бейнесюжет шығарылды.
Бизнес құрылымдарды қолдауда тікелей қызмет атқаратын және жекешелендіру жөніндегі тұрақты-қолданыстағы комиссияның мүшелері болып табылатын Еуразия кәсіпкерлер ассоциациясы, Кәсіпкерлер палатасының арнайы сайттарында әлеуетті сатып алушылар үшін барлық қажетті ақпараттар берілген.
Сатылатын объектілер, олардың құны, активтері туралы барлық мәліметтер мемлекеттік мүлік тізілімінің Веб-порталында, Қарағанды облысының мемлекеттік активтер мен сатып алу басқармасының ресми сайтында жарияланып отыр.
Мерзімді басылымдарда өткізілетін сауда-саттықтар туралы ақпараттық хабарламалар жариялануда.
58-тармағы бойынша (Қазақстан Республикасы Үкіметінің «100 нақты қадам» – бес институционалдық реформаның Ұлт жоспары шеңберінде әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдары жоспары) кредиттік тұрғын үй салуға ЖАО арқылы келешекте «Байтерек девелопмент» АҚ-ның сатып алуы үшін 67 млрд.теңге мөлшерінде ЖАО берешек бағалы қағаздарын шығару.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «100 нақты қадам» – бес институционалдық реформаның Ұлт жоспары шеңберінде әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдары жоспарының 58-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында мақұлданған, 05.04.2016ж. №11), кредиттік тұрғын үй салуға ЖАО арқылы келешекте «Байтерек девелопмент» АҚ-ның сатып алуы үшін 67 млрд.теңге мөлшерінде ЖАО берешек бағалы қағаздарын шығару көзделген, оның ішінде Қарағанды облысы бойынша 2,4 млрд.теңге, оның ішінде 2016 жылы – 887,8 млн.теңге, 2017 жылы – 1 526,6 млн.теңге көзделген.
Тұрғын үй салуды қаржыландыру арналған Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының бағалы қағаздары бойынша 08.08.2016ж. сауда-саттық өткізілді, оның нәтижесі бойынша облыстық бюджетке 887 849 000 теңге сомасында қаражат түсті.

Анықтама:
- бағалы қағаздың түрі – купондық облигация;
- орналастыру көлемі – 887 849 000 теңге;
- орналастырылған күні – 08.08.2016ж.;
- айналымнан тоқтау күні – 08.08.2018ж.;
- өтеу мерзімі – 09.08.2018ж.;
- айналым мерзімі – 2 жыл;
- сыйақы өлшемі – 0,15%;
- қызмет көрсету және шығару валютасы – теңге;
- бір бағалы қағаздың номиналдық құны – 1 000 теңге;
- ұлттық идентификациялық нөмірі (ҰИН) – KZMJKY020129;
- бағалы қағаздың сауда коды – KGK024_012;
- сыйақы төлеу күні: -08.02.2017г., 08.08.2017г.
-08.02.2018г., 08.08.2018г.