ҚР Президентінің жолдауы іске асыру

2011 жылдың қорытындылары бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыру шеңберінде қаражаттарды игеру туралы ақпарат

 

Қарағанды облысының Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы іс-шараларын іске асыруға 2011 жылы 6234,9 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 6181,2 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 53,7 млн.теңге бөлінген.

Бюджеттік қаражаттар 3 бағыт бойынша бөлінген, соның ішінде:

- «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» - 423,5 млн.теңге (РБ);

- «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» - 601,2 млн.теңге (РБ);

- «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» - 5035,2 млн.теңге (РБ – 4981,5 млн.теңге, ЖБ – 53,7млн.теңге).

Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталықтарын құруға 175 млн.теңге (РБ) бөлінді.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша игеру 94,8% немесе 5908,4 млн.теңге соманы құрады, соның ішінде РБ қаражаттары – 94,7% немесе 5854,6 млн.теңге, жергілікті бюджет қаражаттары - 100% немесе 53,7 млн.теңге.