Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасының 2014 жылғы жұмыс қорытындылары туралы

Мұрат КАДЕКОВ,
Қарағанды облысының мемлекеттік
активтер және сатып алу
басқармасының басшысы

Мемлекеттік активтермен тиімді басқару міндеттері

Мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы негізгі міндеттер Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауында белгіленген, бұл:
- Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту
- Кең ауқымды жекешелендіруді өткізу
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекет саясаты Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялауына және нарықтық тетіктердің дамуына бағытталған. Нарыққа ауысудың басты құралы және экономикалық реформалардың маңызды бөлігі ретінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру болды.
Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту дағдарыстан кейінгі даму шараларын іске асыру мәнінде жекешелендірудің бесінші кезеңі болып табылады.
Осы кезеңде жекешелендіру мемлекеттік міндеттерге бейінді және тән емес активтерден босату және қызметтің жекелеген салаларын бәсекелес ортаға ауыстыруды қарастырады.
Мемлекеттік активтерді жаңғырту саласындағы негізгі міндеттердің бірі мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысы бар акционерлік қоғамдардың (ЖШС) санын қоғам және мемлекеттің іс жүзіндегі қажеттілігіне қарай оңтайландыру болып табылады.
Есепті жыл ішінде қойылған міндеттер шеңберінде мемлекет қатысы бар заңды тұлғаларды оңтайландыру жүргізілді. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша коммуналдық меншікте 1704 ұйым тұрған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда он екі бірлікке азайды.
«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауына сәйкес Қарағанды облысы бойынша стратегиялық сипаттағы емес қызметтерді көрсететін кәсіпорындарды жекешелендіру бойынша жұмыс басталды.
Бәсекелес ортаға берілетін 50 ұйым анықталды, олардың ішінде жеті ұйым бойынша жекешелендіру рәсімі 2014 жылы басталды.
Сөйтіп, қолданыстағы заңнама аясында бағалау құны 1,3 млн.теңге «Қарағанды облысының жолаушылар көлігін басқару орталығы» ЖШС және бағалау құны 79 мың теңге «Жаңаарқа-көркем» ЖШС екінші қатысушыларға сатылды.
«Сарыарқа» хоккей клубы (бағалау құны 77,6 млн.теңге), «Шахтер» футбол клубы (бағалау құны 214,9 млн.теңге), «Қарағанды» волейбол клубы (20,6 млн.теңге) және «Тұлпар» шағын футбол клубы (бағалау құны 10,5 млн.теңге), сондай-ақ Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығы (бағалау құны 10,2 млн.теңге) коммерциялық тендерге қойылды. Сатудың негізгі шарты қызмет етудің негізгі бағытын сақтау болып табылады.
Сауда-саттыққа бірнеше рет қою шаралары сәтті болған жоқ, себебі қатысушылардан өтінімдер түспеді. Ағымдағы жылы көрсетілген объектілерді жекешелендіру жөніндегі жұмыс жалғасын табады.
Сонымен қатар 2015 жылы жекешелендіруге төрт объект қойылады: «Әкімшілік ғимараттар кәсіпорны» ЖШС, Жезқазған қаласы; «Полигон» ЖШС, Жезқазған қаласы; «Қарағанды Көркем» ЖШС, Қарағанды қаласы; «Абаттандыру» ЖШС, Саран қаласы. Бірінші сауда-саттық 2015 жылғы тамызға жоспарланған.
Активтермен тиімді басқару меншік иесінің, соның ішінде мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік активтермен тиімді басқару бойынша негізгі міндеттер:  мемлекеттік активтерді есепке алудың бірыңғай базасын құру және оны оңтайландыру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ экономиканың мемлекеттік секторында корпоративті басқару қағидаларын енгізу.
«Қазақмыс» корпорациясынан коммуналдық меншікке әлеуметтік маңызы бар объектілерді қабылдау бойынша жұмыс аяқталды. 2014 жылы 32 мектепке дейінгі балалар ұйымы қабылданды: Сәтбаев қ. – он үш, Жезқазған қ. – тоғыз, Балқаш қ. – сегіз, Оскаров ауданы – бір, Бұқар Жырау ауданы – бір. Сонымен қатар мәдениет саласындағы сегіз нысан, бес спорт-сауықтыру кешені, екі балалар маусымдық-сауықтыру лагері қабылданды.
Басқарманың жұмысы облыс бюджетінің кіріс бөлігін толықтыруға да бағытталған. Есепті кезеңде жекешелендіру және коммуналдық мүлікті жалға беруден 311,3 млн.теңге түсті, оның ішінде облыстық бюджетке 60,2 млн.теңге. Таза табыс бөлігі мен дивиденттердің бюджетке аударылған сомасы 144,3 млн.теңге, оның ішінде облыстық бюджетке 130,8 млн.теңге.
2014 жылы коммуналдық заңды тұлғалармен тиімді басқару мониторингі шеңберінде бес кәсіпорын бойынша тәуелсіз сарапшыларды тартып, талдау жасалды, оның нәтижесінде кәсіпорындармен тиімді басқару жөніндегі ұсыныстар енгізілді.
Коммуналдық меншіктегі ұйымдардың қызмет түрлеріне талдау жасалды, қорытындысы бойынша ұйымдардың жарғыларынан бәсекелес ортасы бар қызмет түрлері алынды.
Кейін осы бағыттағы жүргізілген жұмыс бейінді емес, алайда бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды анықтау жолымен бәсекелес ортаға тапсырылуға жататын мемлекеттік ұйымдардың қосымша тізбесін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік активтерді басқару саласында міндеттерді іске асыру мемлекетпен мүліктік құқықты сатып алу кезінен және оның тоқталу кезіне дейін мемлекеттік мүлікті басқарудың бірыңғай тетігін қалыптастыруға, мемлекеттік активтермен басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар құзыретінің нақты аражігін белгілеуге, және де мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекет саясатты жүргізетін басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Мемлекетпен мүлік құқығына ие болудың негізі ретінде ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес сатып алу-сатудың азаматтық-құқықтық шарттары, мердігерлік және де өзге келісімдердің негізінде мүлікті сатып алу және құру болып табылады.
2014 жылы облыс ұйымдарымен жалпы сомасы 81,3 млрд. теңгеге сатып алу ұйымдастырылды, соның ішінде жалпы сомасы 63,7 млрд. теңгеге 918 конкурс пен аукцион өткізілді.
Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен жалпы сомасы 45 млрд. 179 млн. теңгеге 279 конкурс пен аукцион өткізілді, барлық конкурстық рәсімдер жарияланды.
Қалалар және аудандармен жалпы сомасы 18 млрд. 582 млн.теңгеге барлығы 639 конкурс пен аукцион өткізілді, барлық конкурстық рәсімдер жарияланды.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 63 млрд. 761 млн. теңге сомаға 918 конкурс жоспарланып, мерзімінде жарияланды немесе жоспарға 100% (жоспарланған конкурс пен аукциондардың жалпы санына 100%).
Өткізілген сатып алудан түскен шартты үнемдеу 3 млрд.теңгеден асып түсті, немесе сатып алудың жалпы көлемінен 3,1% құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін, республикалық және жергілікті деңгейлерде бүкіл конкурстар мен аукциондарды орталықтандыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жөніндегі өкілетті органды құру мақсатында басқарма функциялары кеңейтіліп, мемлекеттік сатып алу саласындағы функциялармен толықтырылды. Бұл – мемлекеттік органдармен, мекеме және кәсіпорындармен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың мониторингін ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар 2015 жылдан бастап Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы облыс әкімінің өкімімен бекітілген, бюджеттік инвестициялық бағдарламалардың тізімі бойынша сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болады.      
Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ықтимал сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына жол бермеу мақсатында, бақылаушылар ретінде кәсіпкерлер ассоциациясының, «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік бақылау органдарының өкілдері шақырылады.
Осы шаралар мемлекеттік сатып алуды тиімді және уақытылы өткізуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жалпы, басқарманың жұмысы мемлекеттік активтерді экономиканың шынайы секторына инвестицияларды тарту үшін құрал ретінде пайдалану және мемлекеттік мүлікті тиімді басқару жөнінде Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындауға бағытталған.