Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік сатып алу мониторингі

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық құрамның 2012 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша көлемдер туралы ақпарат

2012 жылғы қаңтар-мамыр жағдай бойынша жиынтық есепке сәйкес жалпы Қарағанды облысы бойынша міндеттемелер мемлекеттік сатып алудың 30 826 шарты бойынша 17млрд.463млн.теңгеге атқарылған, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қазақстандық құрамы 15млрд.512млн.теңге немесе 88,83% құрады (77,06% орташа республикалық құрамнан 11,77 тармаққа жоғары).
Мұнымен қатар, мемлекеттік сатып алу:
- тауарлар бойынша 4млрд.007млн.теңгеге, оның ішінде отандық тауарлар – 2млрд.387млн.теңгеге немесе 59,56% (48,48% орташа республикалық құрамнан 11,08 тармаққа жоғары);
- жұмыстар бойынша 8млрд.867млн.теңгеге, оның ішінде отандық мердігерлер 8млрд.687млн.теңгеге орындаған немесе 97,97% (84,08% орташа республикалық құрамнан 13,89 тармаққа жоғары);
- қызметтер бойынша 4млрд.589млн.теңгеге, оның ішінде отандық қызмет көрсетушілерден – 4млрд.438млн.теңгеге немесе 96,71% (85,99% орташа республикалық құрамнан 10,72 тармаққа жоғары) жасалған.