Новости области

13 Наурыз 2018
Қарағанды облысының құтқарушылары жеке үйлердің тұрғындарына өрт қауіпсіздік ережелері туралы айтты

Қарағанды облысында «Өрт қауіпсіздік сенбілігі» ұйымдастырылды. Құтқарушылар жер үйлерге келіп, тұрғындар үшін пеш жағу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қалай сақтау керектігін түсіндірді.
Алдын-алу шаралары тұрғын үй секторларында өрт көлемін төмендетуге бағытталған. Құтқарушылар өрт қауіпсіздік ережелері жазылған парақшалар таратты. Сонымен қатар көктемгі су тасқыны қарсаңында жеке үй иелеріне аулаларынан уақытылы түрде қарды тазалап тастау керектігін ескертті.


Пеш жағу кезінде есте сақтау қажет ережелер:
1. Пешті қалауды сенімсіз адамдарға тапсырмау керек.
2. Жылыту маусымының алдында пештің жағдайын тексеріп, белгілі-бір ақаулар табылған болса, оларды жөндеу қажет.
3. Мұржалардағы күл мен күйені тексеріп, кем дегенде үш айда бір тазалап отырған абзал.
4. Пеш жағуды кішкентай балаға тапсырмаңыздар.
5. Отты тұтату кезінде бензин, еросин, дизельдік отын және тағы да басқа тез жанғыш заттарды қолдануға болмайды.
6. Пештен шығарылған күлді сумен басу қажет, жәнеде арнайы және қауіпсіз жерге үю керек.
7. Шатырдағы түтін мұржаларын және түтін арналарын әктеп қойған жөн.
 


Вернуться назад