Новости области

21 Ақпан 2018
Қарағандыда Ресей азаматтары президент сайлау күнінде дауыс бере алады

Қарағандыда 18-ші наурызда Ресей азаматтары сайлау учаскесіне келіп, болашақ президентіне дауысын бере алады.
Қазақстандағы РФ Елшілігі баспасөз-қызметінің ақпаратына сай Ресей Федерациясының президентін таңдау өткізу үшін сайлау учаскесі кеншілер мәдениет сарайында, Бұқар жырау даңғылы, 32 мекенжайы бойынша ұйымдастырылады. Ол 08.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.
Дауыс беруге келгенде Ресей Федерациясының паспорты (шет елдік немесе ішкі) болуы тиіс. Сайлауға 18 жасқа толған Ресей азаматтары қатыса алады.
Сайлауға қатысуға байланысты барлық сауалдарды Астана қаласында орналасқан Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің электронды поштасына (rfekz@mid.ru)және Алматыдағы (consalmaata@mid.ru), Оралдағы (rusconsuralsk@mid.ru), Өскемендегі (gkustkamenogorsk@mid.ru) бас консулдықтарға жіберуге болады.
РФ президентін сайлау 18-ші наурызда өтеді. Бұл орынға 8 кандидат үмір артып отыр: Сергей Бабурин (Ресейлік жалпы халықтық одақ), Павел Грудинин (КПРФ), Владимир Жириновский (ЛДПР), Владимир Путин (өздігінен ұсынылған), Ксения Собчак («Гражданская инициатива»), Максим Сурайкин («Коммунисты России»), Борис Титов (Партия роста), Григорий Явлинский («Яблоко»). Сайлау бюллетенінде үміткерлердің тегі әліпби ретімен орналастырылады.
 


Вернуться назад