Новости области

21 Ақпан 2018
Абайда су құбырлары желісі қайта қалыпқа келтіріледі

Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов хлықен есептік кездесуі барысында сапалы ауыз сумен қамту бойынша шаралар туралы айтты.
Бүгінгі таңда Абай қаласы бойынша орталықтандырылған сумен қамтуға қолжетімділік 98%, ал ауылдық жерлерде – 48,6% құрайды.
2017-ші жылы Аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша Вольный кентінде су құбыры желісі салынып, самарка және Агроқалашық ауылдарында су тарату жүйелері қалыпқа келтірілді. Бұл жұмыстардың шығыны 772 млн теңгені құрады.
2018-ші жылы сумен қамту саласында бірқатар жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
- Ағымдағы жылы Абай қаласының су тарату желісін қалыпқа келтіруге, Жартас ауылының су құбырлары желісін салуға қаражат бөлінді. Сонымен қатар кәріздік тазарту желілерін, Абайдағы және Қарабас кентіндегі құрылыстар мен сорғы станциясын қалыпқа келтіру жұмыстары басталды – бұл жоба 2019-2020-шы жылдарға көшеді, - деп мәлімдеді Бауыржан Асанов.
Аудан әкімінің айтуынша, қазірдің өзінде Юбилейное, Есенгелді ауылдарының және Топар кентінің үш ауылының су құбырлары желілерін қалыпқа келтіруге жобалық-сметалық құжаттар жасалған.
- 2018-ші жылы Құрма және Жұмабек ауылдарының су құбырлары желілерін қалыпқа келтіру бойынша ЖСҚ жасауға қаражат бөлінді. Сонымен қатар Дубовка кентіндегі су құбырлар және кәріздік жүйелерді қалыпқа келтіру және су таратқышының құрылысы жоспарланған, - деп мәлімдеді аудан әкімі.
 


Вернуться назад