Новости области

21 Ақпан 2018
Қарағандыда Облыстық аллергологиялық орталық ашылды

Қарағандыда Облыстық аллергологиялық орталық жұмысын бастады. Денсаулық сақтау саласындағы жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік желісі бойынша жүзеге асырылды.
Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаңа медициналық ұйымның жұмысымен танысып қайтты. Қазақстанда бұл облыстық деңгейдегі алғашқы аллергологиялық орталық, деп атап өтті аймақ басшысы. Ол инвесторларға алғысын білдіріп, мекемеге жемісті жұмыс тіледі.
Орталық «Olymp Medical Group» ЖШС инвестициясы есебінен құрылды. Салынған қаражат 500 млн теңгені құрады, жәнеде бұл қаржының жартысы медициналық құрылғыларға жұмсалды. Жабдықтар арасында қазыргі заманғы сандық рентген-құрылғысы, соңғы буынғы лор-комбайн бар.
Ғимарат ауданы – 1300 шаршы метрден артық. Орталық бір ауысымда 100 келушілерге шақталған. Сонымен қатар алты төсектен құралған күндізгі стационар жабдықталған. Дәрігерлік тәжірибемен қатар, орталықта ғылыми зерттеулер өткізу жоспарланып отыр. Оның базасында Қарағанды мемлекеттік медициналық университеттің иммунология және аллергология кафедрасы орналасқан.
- Біздің орталықтың ерекшелігі – мұнда ересектер мен балаларға арналған аллерголог дәрігерлермен қатар шектес мамандықтар дәрігерлері: пульмонолог, инфекционист, эндоскопшы және басқалары болады. Біз емделушілер үшін бір жерде қажетті зерттемелерді тапсырып, осында білікті кеңес алуға болатындай барынша жайлы жағдай жасауға тырыстық, - дейді Облыстық аллергологиялық орталықтың бас дәрігері Меруерт Ғазалиева. – Біз зертханалық зерттемелер арқылы 200-ден астам аллергендерді анықтай аламыз, сонымен қатар 10-нан астам тері сынақтарын өткізе аламыз.
Жекеменшік орталықтың қызметін емделушілер тегін– мемлекеттік тапсырыс арқылы ала алады. Оны орналастыру мәселесі жақын арада шешілетін болады. Емхана жетекшілері қазірдің өзінде орталықтың жұмысымен танысып шықты.
- Мұнда бірлесе атқару шеңберінде мемлекеттік тапсырыс орнастырылады. Әр емханада кеңес беру-диагностика қызметтердің барлық түрлерін көрсетуге қаражат бар. Оның ішінде науқастардың дертіне сай аллергологтың тексеруі қажет болған жағдайда емханадан осы орталығға бағытталатын болады, - деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев. – Cонымен қоса, күндізгі стационарға да мемлекеттік тапсырыс жасалуы мүмкін – бұл тікелей қормен келісімшарт жасасу арқылы мүмкін болады. Мемлекет тарапынан әрбір емделген жайт қаржыландырылатын болады.
Аллергопатология бүгінгі таңда ересектер мен балалар арасында ең көп таралған ауру болып табылады. Статистикаға сай Қазақстанда аллергиямен әрбір үшінші тұрғын ауырады.
 


Вернуться назад