Новости области

13 Ақпан 2018
Қарағанды құрамасы «Ақ қыс» облыстық қысқы спартакиадада жеңіске жетті

Қарағандыда 8-9-шы ақпанда Қарағанды облысының қалалары арасында «Ақ қыс -2018» ХV Спартакиадасы өтті. Жарыс Астананың 20 жылдығына арналды. Бағдарламаға төрт спорт түрі енді: қысқы Президенттік көпсайыс, шаңғымен жарыс, доппен хоккей және конькимен жүгіру спорты.
Спартакиадада облысымыздың сегіз қалаларының спортшылары өзара бақ таластырды. Нәтижелер бойынша жалпы командалық есепте 1-ші орынды Қарағанды қаласының құрамасы жеңіп алды. Екінші орында – Сәтпаев командасы, үшінші орында – Теміртау құрамасы.

Қарағандылықтар конькимен жүгіру, шаңғы жарысы және Президенттік көпсайыста үздік деп табылды. Жеңімпаз командалар Кубокпен және дипломдармен марапатталды, Спартакиада жүлдегерлері мен қатысушылар Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқарамасының медальдары мен грамоталарын алды.

karaganda-akimat.gov.kz ақпараты бойынша
 


Вернуться назад