Жалпы мәліметтер

Қарағанды облысы туралы жалпы мағлұмат

Қарағанды облысы Қазақстан Республикасының орталығында орналасқан. Аумағы – 428 мың ш.км. Қарағанды облысы көлемі бойынша Қазақстанда 1-і орын алады. Қарағанды облысы: солтүстік-батыста Қостанай, солтүстікте Ақмола, солтүстік-шығыста Павлодар, шығыста Шығыс Қазақстан, оңтүстік-шығыста Алматы, оңтүстікте Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, батыста Ақтөбе облыстарымен шекаралас.
Облыстың жер бедері Қазақстанның Сарыарқа – ұсақ шоқыларының ең көтерінкі орталық бөлігін қамтиды. 
Қарағанды облысының климаты тым континенттік және қуаң. Облыстың аумағы ауа салмағының  3 негізгі түрінің ықпалында жатыр: арктикалық, полярлық (немесе қоңыржай ендік ауасы), тропиктік. Қыстың ең суық айы  қаңтардың орташа температурасы –18-ден солтүстікте  –14 градусқа дейін оңтүстікте. Ең жылы ай  шілденің орташа температурасы +18-ден солтүстікте +22 градусқа дейін оңтүстікте.
Өзендері Теңіз, Қарасор, Балқаш ағынсыз көлдерінің және Ертіс өзенінің бассейніне жатады. 1800 шамасындағы  су ағынының  ұзындығы 10 километрге дейін, 365 – 10 километрден 100 километрге дейін. Облыстың 11 өзенінің ұзындығы 100 км-ден артық. Облыстың басты су артериясы болып Нұра өзені саналады.
Көлдер. Облыстың аумағында 1600 көл бар, соның ішінде 200-ден астамының су бетінің ауданы 1 ш.км жоғары. Ең ірі көл - Балқаш көлі, ауданы 18,2 мың ш.км, судың көлемі 106 т.м.
Облыстың сумен қамтамасыздандыру балансында су қоймалары мен каналдардың маңызы зор. Су қоймалары: Самарқанд, Шерубай Нұра, Кеңгір, Жезді, және де оншақты ұсақ ағынды кішкентай тоғандар. 1973 жылдан облыс аумағында Ертіс-Қарағанды – ең ірі ұзындығы 458 км, Қарағанды қ. мен Теміртау қ. ауыз сумен қамтамасыз ететін  гидротехникалық құрылысы  жұмыс істейді.
Халқы – 1350,8 мың адам (2010ж.01.11-ға). Халықтың тығыздығы:
1 ш.км  3,1 адам.
Облыстың орталығы – Қарағанды қаласы (1934 жылы құрылған). Халқы 470 мың адам (2010ж.01.11-ға).
Облыс 9 ауылшаруашылық аудандарына бөлінген. Аумағында 11 қала, 10 кент, 195 селолық округ және 537 ауылдық елді мекен орналасқан.