Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2006 жылғы 1 наурыз

Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында
Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Астана қ., 2006 жылғы 1 наурыз

 

Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсултан Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi
50 елдiң қатарына кiру стратегиясы
Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында
Қымбатты қазақстандықтар!
Құрметтi депутаттар және Үкiмет мүшелерi!
Ханымдар мен мырзалар!
Қазақстан бүгiнгi таңда әлеуметтiк-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңiне қадам басқалы тұр.
Мен өзiмiздiң әлемдiк рейтинг кестесiнiң жоғары бөлiгiне iлiккен елдер тобының iшiнен орын алуымызға мүмкiндiк беретiн басты негiздер мыналар деп бiлемiн.
Бiрiншiден, өркендi де өршiл дамып келе жатқан қоғамның iргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабiлеттi және бiр ғана шикiзат секторының шеңберiмен шектелiп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл - жеке меншiк институты мен келiсiм-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерiнiң бастамашылығы мен iскерлiгiне негiзделген экономика.
Екiншiден, бiз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен iлтипатқа бөлейтiн әлеуметтiк бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтiк стандарттарын қамтамасыз ететiн қоғам құрудамыз.
Үшiншiден, бiз еркiн, ашық әрi демократиялық қоғам орнатудамыз.
Төртiншiден, бiз дәйектi түрде саяси тежемелiк пен тепе-теңдiктiң үйлестiрiлген жүйесiне негiзделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта беремiз.
Бесiншiден, бiз барлық дiндердiң тең құқылығына кепiлдiк беремiз және Қазақстанда конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз етемiз. Бiз Исламның, басқа да әлемдiк және дәстүрлi дiндердiң озық үрдiстерiн құрметтеп әрi дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.
Алтыншыдан, бiз қазақ халқының санғасырлық дәстүрiн, тiлi мен мәдениетiн сақтап, түлете беремiз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келiсiмдi, бiртұтас Қазақстан халқының iлгерi дамуын қамтамасыз етемiз.
Жетiншiден, бiз өз елiмiздi халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесi ретiнде қарастырамыз, ал мұның өзi бiздiң аса маңызды басымдықтарымыздың бiрi. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңiрдегi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде маңызды мiндеттер атқарып отыр.
Бүгiн, сiздерге, құрметтi қазақстандықтар, өзiмнiң жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнiң бәсекеге барынша қабiлеттi әрi серпiндi дамып келе жатқан мемлекеттерiнiң қатарына қарай қадам басуы жолындағы негiзгi басымдықтарды ұсынғым келедi.
1. Бiрiншi басымдық:
Қазақстанның әлемдiк экономикаға ойдағыдай кiрiгуi - елдiң
экономикалық дамуының сапалық серпiлiсiнiң негiзi
Бiз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдiстерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегi жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сiңiрген, дүниежүзiлiк шаруашылықтан шағын да болса өзiне лайық "орнын" иемденген, әрi жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейiмделуге қабiлеттi ел болуын қалаймыз.
Бiз қатаң бәсекеге әзiр тұрып, оны өз мүддемiзге пайдалана бiлуiмiз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиiс те, өйткенi олар бiздiң жаһандық экономикаға кiрiгуiмiзге жәрдемдеседi әрi сол арқылы бiздiң қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенедi.
Мемлекет өз тарапынан iскерлiк бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкiмшiлiк және бюрократиялық кедергiлердi ысырып тастауға, жеке меншiк капиталдың келешегi үлкен кемел бастамаларына тiкелей қолдау көрсетуге мiндеттi.
Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық "серпiлiстi" әлемдiк экономикаға кiрiгудiң қажеттi шарты ретiнде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.
1.1. Халықаралық маңыздағы "серпiлiстiк" жобаларды iске
асыру, индустрияны дамыту, әлемдiк рыноктың белгiлi бiр
тауашаларында бәсекеге қабiлеттi бола алатын тауарлар мен
қызметтердi өндiру
Бiз түпкi өнiмдерiн экспортқа шығаруға бағдарланған өндiрiстердi, мұнай-газ, көлiк саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсiп кешенiндегi басқа да iшкi салаларда бiрлескен кәсiпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуiмiз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңiрлiк IТ-орталық ретiнде ақпараттық технологиялар паркiн дамыту мiндетi тұр.
Үкiмет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншiк бизнестi қолдаудың және оның тауарлары мен қызметiн әлемдiк рыноктарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдiк тәжiрибесiн зерделеп, оны елiмiздiң жағдайына бейiмдеуiмiз керек.
1.2. Қазақстанның өңiрлiк және халықаралық экономикалық
бiрлестiктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық
экономикаға кiрiгуi
Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиiс, мұның өзi бiздiң жаһандық экономикаға кiрiгуiмiзге жәрдемдеседi әрi бiздiң экспорттаушыларымызға қолдау көрсетедi.
Өңiрлiк серiктестiкке келгенде, бiз ЕурАзЭҚ шеңберiнде өзара тиiмдi ынтымақтастықты кеңейтуге және Бiртұтас Экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға одан әрi септесе беру ниетiндемiз.
Сонымен қатар Бүкiл дүниежүзiлiк банк, Еуропа Қайта құру және даму банкi, Азия даму банкi және таяуда құрылған Еуразия даму банкiнiң жобаларына баса назар аудару керек.
1.3. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық
рыноктарда бәсекеге қабiлеттiлiгiн нығайтудың қосымша құралы
ретiнде БСҰ-ға кiру
Қазақстанның БСҰ-ға кiруi жолындағы келiссөз үдерiсi тоқтаусыз жүргiзiлiп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимiн реттейтiн заңдарының едәуiр бөлiгi қазiрдiң өзiнде БСҰ нормаларына сәйкес келтiрiлдi немесе Парламентте талқылану үстiнде.
Елiмiздiң осы халықаралық экономикалық ұйымға енуi Қазақстанның дүниежүзiлiк рыноктағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн нығайту үшiн кең мүмкiндiктер ашатынына сенiмдiмiн. Дегенмен осы мүмкiндiктердi ұтымды әрi тиiмдi пайдалана бiлу керек.
Бiз әлi қолға алынбаған секторлардағы шетел инвесторларының құрылтайшылық қатысуы деңгейiндегi экономикалық тұрғыдан өзiн ақтамайтын шектеулердi алып тастауымыз керек.
1.4. Экспорттық-импорттық кредиттеудi дамытуды мемлекеттiк
қолдау
Шикiзаттық емес тауарлардың экспорты мен жоғары технологиялық жабдықтардың импортын қолдау мен кредиттеу басымдыққа айналуға тиiс.
Бүгiнгi күнi дайын өнiмдер экспортының көлемi жылына 2 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Шикiзаттық емес экспорт он жылға жуық осы деңгейде қалып келедi. Ендiгi жерде осы көлемдi үдемелi түрде ұлғайтатын уақыт жеттi.
Бiз үздiк әлемдiк тәжiрибеге сүйенiп, шет елдердiң экспорт-импорт агенттiктерiмен ынтымақтастықты белсендi дамытуымыз керек.
1.5. Қазақстанның жаңа технологияларды әзiрлейтiн және
дамытатын халықаралық компаниялардың құрылтайшысы және
акционерi ретiнде қатысуы
Қазақстанға өзiнiң ғылыми әлеуетiне қоса жоғары технологиялардың халықаралық бизнесiне қатысатын және оған бастапқы құрылтайшылық деңгейiнде қатысу жөнiнде бастамашылық танытатын уақыт жеттi деп бiлемiн.
Бұл жерде осы жұмыс үшiн жауап беретiн Инновациялық қордың атқаратын рөлi өте маңызды.
Бiздiң осы орайда экономикалық дамудың барынша "серпiлiстi" бағыттарындағы озық технологиялық идеяларды игеру үшiн күллi дүние жүзiндегi жаңа немесе ендi қалыптаса бастаған жоғары технологиялық компаниялар акцияларының пакеттерiн сатып алатын басқа елдердiң өнегесiне ден қойғанымыз абзал.
Осы арқылы бiз тиiстi авторлық құқық пен зияткерлiк меншiктiң иесi бола аламыз. Мұндай жобалар үшiн бiзге өзге елдердегi "құрметтi консулдар" институтын кеңiнен пайдалану керек.
Yкiмет Қазақстанның халықаралық рыноктағы технологиялық бастамашылығы мәселесiн мұқият пысықтауы тиiс.
1.6. Қазақстанда зиаткерлiк меншiк құқығымен және сауда
маркасымен қорғалған тауарлар өндiрiсi үшiн қолайлы жағдайлар
қалыптастыру
Қазақстанның авторлық құқық пен сауда белгiсiн қорғаудың қатаң кепiлi ретiндегi беделiн нығайту бiзге экономиканың жаңа секторларын белсендi түрде дамытып, әртараптандыруға мүмкiндiк бередi.
Қазақстанда алдамыш өнiмдерге төзбестiк көзқарас туғызуға бағытталған жариялы науқан жүзеге асырылуға тиiс, сонымен қатар зияткерлiк меншiк құқығын бұзу мен сауда белгiлерiн қолдан жасаушылар үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық қудалау шараларын қабылдау керек. Мұндай шаралардың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өнiмдер шығарушылардың мақұлдауы мен қолдауына ие болатынына, Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар ағысын қамтамасыз етiп, оны әртараптандыруға кең мүмкiндiктер ашатынына сенiмдiмiн.
1.7. Ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетiн
академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру
Қазақстанда халықаралық ұйымдардың қатысуымен осы заманғы ғылыми орталықтар мен "технологиялық парктер" құру мен дамыту, жаңа технологияларды игеру үдерiсiне қолдау көрсету мен кадрлардың бiлiгiн бағдарлаудың икемдi жүйесiн қалыптастыруымыз керек.
Ғылыми әлеуеттi дамыту қолданбалы ғылымды өндiрiс пен бизнеске мейлiнше жақындатуға бағытталуға тиiс.
Көш басында жүрген академиялық институттар мен орталықтарды Қазақстанға тарту үшiн тиiстi алғышарттар жасау қажет. Бұл үшiн бiзге Қазақстанда халықаралық оқу орындарын бiрлесе дамыту үшiн "инкубациялық жобалар" үлгiсiндегi құралдарды пайдалануымыз керек.
"Инкубациялық жобаларды" дамытуды көтермелеу мақсатында Yкiмет, Үндiстанда жасалғандай, ғылыми орталықтарды дамыту үшiн жер телiмдерiн тегiн беру, бастапқы капитал бөлу, қажеттi негiздiк инфрақұрылымды жасақтау және басқа да бiрсыпыра шараларды ұйымдастыру мәселелерiн шешуге тиiс деп санаймын.
1.8. Осы заманғы және бәсекеге қабiлеттi
көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
Қазақстанның көлiк-коммуникация кешенiнiң басты мақсаты еуразиялық көлiк жүйесiне кiрiгу болып қала бередi. Көлiк-коммуникация кешенiн дамыту Еуропа мен Азия ортасындағы аралық көпiр болып отырған елiмiздiң геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамасыз етуге тиiс.
Жүктердiң тез өткiзiлуiн ұйымдастыру жөнiнде тиiмдi рәсiмдер енгiзу үшiн көршiлермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет.
Осы және басқа да мiндеттердiң бәрi Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi Көлiк стратегиясын әзiрлеу мен iске асыру барысында ескерiлуге тиiс.
Бұл мәселелердi шешуде бiз мемлекеттiк-жеке меншiк серiктестiктi қамтамасыз ету тетiктерiне баса назар аударуға тиiспiз.
1.9. Табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын iске
асыру
Бiз табиғи ресурстарды пайдаланудың, трансұлттық компаниялармен және өңiрдегi басты көршiлерiмiзбен ынтымақтастықтың айқын әрi тұрақты шарттарын қамтамасыз етудiң ашық саясатын жүргiзуге бастама көтердiк және оны одан әрi жүргiзе беретiн боламыз. Бұл Қазақстанның энергетикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге нақты үлес қосып отырған келешегi зор сенiмдi әрiптес ретiндегi беделiн нығайта түседi.
Бiз қазiр Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдiк рынокқа жеткiзудiң арналарын әртараптандыру мен олардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай-газ кешенiне тiкелей қатысты тереңдете өңдеу салаларының ең озық қарқынмен дамытылуына баса назар аударуымыз керек.
1.10. Алматыны қаржы және iскерлiк белсендiлiктiң iрi
өңiрлiк орталығы ретiнде дамыту
Орталық Азия өңiрiнiң басты қаржы орталығы ретiнде Алматының серпiндi дамуы Қазақстанның iрi қаржы ұйымдарын өңiрлiк үлкен бизнес-жобаларға арналған займдар беру, сақтандыру мен қаржы қызметiн көрсету саласында негiзгi "мердiгерлерге" айналдыру үшiн қолайлы жағдайлар мен мүмкiндiктер туғызу мақсатына бағытталуға тиiс.
Қаржы орталығының тиiмдi жұмысын қамтамасыз ету үшiн тиiстi инфрақұрылымдар, ең алдымен, телекоммуникациялар жасақтау қажет. Сонымен қатар iскерлiк қасиетiмен танылған әрi осындай орталықтар мен сырт жерлерде еркiн аймақтар құру жөнiндегi жұмыс тәжiрибесi мол мықты менеджерлер тарту қажеттiгi де анық.
"Еркiн" қаржы-экономикалық аймақтарында iлеспе қызмет көрсету рыногын дамытуға да ерекше назар аудару керек.
1.11. Нақты iске асыру
Бiрiншi басымдықты нақты iске асыру мақсатында
Үкiметке мына мiндеттердi тапсырамын:
- 2006 жылы қолданылып жүрген нормативтiк-құқықтық базаға талдау жасап, ретке келтiретiн болсын. Қазақстан Республикасының "Бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Заңының жаңа редакциясын, "Концессиялар туралы" және "Өңiрлiк қаржы орталығы - Алматы қаласы туралы" заңдарды әзiрлесiн.
- Салықтық және кедендiк әкiмшiлiк жүргiзу реформасын iске асырсын, отандық өндiрушiлерге мемлекеттiк көмек көрсетудi қайта бағдарласын, техникалық реттеудiң iшкi стандарттарын БСҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келтiрсiн, қаржылық қызмет рыногын реформалауды жалғастырсын.
- БСҰ-ға кiру шеңберiнде бiздiң экономикамыздың кейбiр салаларын, әсiресе, шикiзатты өңдеудi дамыта отырып, ауыл шаруашылығын қолдауға мүмкiндiк беретiн арнаулы экономикалық "бейрiмделу бағдарламасын" әзiрлеп, iске асыратын болсын.
- Халықаралық рыноктың Қазақстан бәсекеге қабiлеттi өнiм берушi бола алатын барлық секторларын iзерлей зерделеудi жалғастырсын және соны ескерiп, халықаралық бәсекеге қабiлеттi ұлттық тауарлар мен қызметтi қолдаудың нақтылы және нысаналы бағдарламасын жасайтын болсын.
- Даму институттарымен және жетекшi қазақстандық компаниялармен бiрлесiп, мақсатты орта мерзiмдiк және ұзақ мерзiмдiк жобалар тiзбесiн түзетiн болсын. Индустриялық аймақтардың, атап айтқанда, Астанадағы аймақтың, арнаулы экономикалық аймақтардың, көлiк-логистикалық орталықтардың мәселелерiн пысықтасын. Қытаймен шекаралық ынтымақтастықтың "Қорғас" орталығын дамытуға ерекше назар аударылуға тиiс.
- Мемлекеттiк даму институттарының iс-қимылын үйлестiру үшiн құрамына барлық даму институттары кiретiн Басқару компаниясын жасақтасын.
- Биылғы жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi Көлiк стратегиясы бекiтiлiп, онда мемлекет-жеке меншiк серiктестiгi негiзiнде инфрақұрылымды дамыту бойынша бизнеспен арадағы тиiмдi ынтымақтастық қамтамасыз етiлсiн. Еуропа - Азия аралығында сапалы тасымалды қамтамасыз ету үшiн кем дегенде 2-3 авиациялық торап құрылсын. Әуе тасымалына сапалы қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн Астана қаласында қызмет көрсету орталығы құрылсын.
2. Екiншi басымдық:
Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудiң
iргетасы ретiнде одан әрi жаңарту мен әртараптандыру
Ел экономикасындағы өрлеудiң тұрлаулы әрi серпiндi сипатын ұстап тұру үшiн мемлекет қазынагерлiк, кредит-ақша саясатының, өндiрiстiң негiзгi факторларын тиiмдi қайта бөлудi мемлекеттiк реттеу тетiктерiн пайдаланып, жоғары сапалы өнiм мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға мiндеттi.
Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрi жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарға баса көңiл бөлу керек деп санаймын.
2.1. Ақша-кредит саясаты
Ақша-кредит саясатының негiзгi мақсаты - инфляцияны тежеудi қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершiлiк Ұлттық банк пен Yкiметке жүктеледi. Олардың қолында сол үшiн барлық өкiлеттiктер мен құралдар бар.
Ақша-кредит саясатының келесi мiндетi - қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсiмiнiң залалды зардаптарын төмендету, сонымен бiр мезгiлде экономикалық өрлеудi ынталандыру үшiн нақтылы айырбас бағамының икемдiлiгiн сақтап тұру.
Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиiс. Үкiмет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиiс деп санаймын.
2.2. Қадағалау тәртiбi мен тиiмдi салық саясаты
Салық және кеден саясатын реформалау күллi экономикалық жаңару саясатының маңызды құралы болуы керек.
Экономикамыздың жаңа салаларын әртараптандыру мен дамытуды ынталандыру, бұл салаларға шетел капиталы мен соны iлiмдi тарту мақсатында икемдi салық және бюджет саясатын пайдалану маңызды.
Өндiрiстi дамыту мен кеңейту мақсатында қосымша құн салығының мөлшерлемесiн төмендету қажет деп санаймын.
Iрi салық төлеушiлерден түскен салық түсiмдерiн жинауды тексеру үшiн Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнде арнаулы бөлiм құруды ойластыру керек. Ол бөлiм тексеру iсiне мүдделер қайшылығынан ада халықаралық аудиторлық фирмаларды тартуға тиiс.
Қатаң бюджет және салық тәртiбi сақталуға тиiс.
2.3. Экономиканың отын-энергетика және өндiрушi
секторларының тиiмдiлiгi мен экономикалық қайтарым деңгейiн
арттыру
Iшкi және әлемдiк рыноктардың жаңа тауашаларын бiз өндiрушi өнеркәсiптiң мұнай, газ және басқа салаларында терең өңдеудi дамыту есебiнен игеруiмiз керек.
Әрбiр мұнай-газ кенiшi кәсiпкерлiктi дамытудың осы заманғы тұрмыстық қызмет көрсетуден бастап, ең озық инженерлiк және бағдарламалық қамтамасыз ету саласына дейiнгi ауқымды қамтитын өзiндiк тұтас аумақ ретiнде қарастырылуға тиiс.
Тұтынушыларының алдында Қазақстан сенiмдi өнiм берушiнiң абыройын жоғары ұстауға тиiс.
Биылғы жылдың iшiнде Үкiмет Қазақстанда мұнай-химия өнеркәсiбiн дамытудың таяудағы он жылға арналған кешендi Бас жоспарын нақтылы орындауға кiрiседi деген ойдамын.
2.4. Мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқару
Үкiмет мемлекет активтерiн басқарудың ашық және айқын жүйесiн жасауы қажет. Мемлекеттiң меншiгiне түгендеу жүргiзiп, күллi елiмiз үшiн бiртұтас деректер базасын жасаған жөн. Медетшiлiк жасау немесе банкроттық туралы шешiм шығарған кезде бiртұтас өлшемдер қолданылуы керек. Банкроттық шығынды мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметiн қалпына келтiру мүмкiндiгi қалмаған жағдайда жасалатын соңғы қадам болуға тиiс.
Банкроттықты мемлекеттiк мүлiктi басқарудың өзi үшiн ең ұтымды тәсiлi санайтын белгiлi бiр конкурстық басқарушыларды қайталап қатыстыру тәжiрибесiнен арылып, бұл салада барынша бәсекелестiк туғызуды ойластырған дұрыс. Қажеттiгiне қарай, мемлекеттiң неғұрлым iрi активтерiн басқару үшiн халықаралық компанияларды да жалдау керек.
2.5. Нарық қағидаттары негiзiнде мемлекет пен жеке меншiк
сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың
тиiмдiлiгiн арттыру
Бiз экономикаға мемлекеттiң қатысуын әкiмшiлiк реформаның есебiнен оңтайландыруымыз керек.
Жаңа экономика жаңа басқару шешiмдерiн қажетсiнедi, ал ондай шешiмдердi осы заманға сай ойлай бiлетiн және түпкi нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк менеджерлер ғана қабылдауға қабiлеттi.
Қоғамдағы келiсiм-шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншiк институтын нығайту үшiн қосымша заңнамалық және әкiмшiлiк шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелiк ету рәсiмдерiн тәуелсiз тұрғыда қарау жүйесiн дамыту қажет.
Келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындамағаны үшiн экономикалық, әкiмшiлiк, керек десеңiз, қылмыстық жауапкершiлiк билiк органдарының өкiлдерiне де, сондай-ақ экономикалық өмiрдiң басқа да барлық агенттерiне қолданылуға тиiс.
Бiз үшiн миноритарлық акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөнiндегi бара-бар заңнаманың болуы өте-мөте маңызды. Сондай-ақ, ұлт меншiгiнен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепiлдiктер берiлуiн қарастыру қажет.
"Электрондық үкiмет" жүйесiн шұғыл енгiзу қажеттiгiн әдейi баса көрсеткiм келедi. Ол мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттырып, сыбайластық пен әкiмшiлiк кедергiлердi кемiтуге қол жеткiзедi.
2.6. Кәсiпкерлiкке кең ауқымды мемлекеттiк қолдауды iске
асыру, шағын және орта бизнестiң тұғырын кеңейту мен нығайту
Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры халықтың кәсiпкерлiк әлеуетi мен бастамашылығын iске асыруға тырысқан түрлi топтары үшiн қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиiс. Қордың өкiлдiк желiсiн кеңейту, өңiрлердегi кәсiпкерлiктi қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.
Сонымен қатар, металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсiбiнде және басқа салаларда сақталып қалған "жасырын" монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдiк жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кiруi үшiн тартымды әрi ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестiктi арттыру арқылы жасау керек.
Бюрократияның өндiрiстiк активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттерiне жол бермеу керек.
2.7. Өңiрлiк әлеуметтiк даму мен кәсiпкерлiк корпорацияларын
құру есебiнен экономикалық өркендеудiң өңiрлiк
"локомотивтерiн" жасақтау
Әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар (ӘКК) - бұл өз қызметiн өндiрiстен және тауарлар мен қызмет сатудан пайда табу мақсатында ұйымдастыратын тұрлаулы бизнес-құрылымдар. ӘКК-нiң коммерциялық корпорациялардан басты айырмашылығы сонда, олар алынған пайданы өздерi мүддесiн көздеп құрылған сол өңiрдегi халықтың әлеуметтiк, экономикалық немесе мәдени мақсаттары үшiн қайтадан жұмсайды.
Қазақстанның түрлi өңiрлерiнде бастапқы кезеңде қолдарына коммуналдық меншiктi, жердi, жаңа бизнес жасау үшiн пайдалануға болатын жұмыс iстеп тұрған рентабельсiз кәсiпорындарды беру арқылы ӘКК жасақтауға болады.
Әрбiр ӘКК өзiндiк бiр өңiрлiк даму институтына айналуға тиiс, оның елiмiздiң тиiстi өңiрiндегi мемлекеттiк активтердi басқаратын холдинг компаниясы ретiнде жұмыс iстеуi мүмкiн.
Содан кейiнгi кезеңде басқару тәжiрибесiн жинақтауы мен ӘКК-нiң капиталдану деңгейiнiң артуына қарай олардың өңiрлiк және халықаралық рынокқа шығуымен қоса, "жауапкершiлiк аясын" кеңейту мен әртараптандыру жөнiнде әңгiме қозғауға болар едi.
Бұл корпорациялардың қызметi жаңа жобалар тартуға, шағын және орта бизнестi дамытуға, кооперациялануды күшейтуге бағытталады.
Сөйтiп ӘКК iрi жұмыс берушiлерге әрi ел дамуының жолбасшысына айналады, бұл ретте ол мемлекеттiк қызметшiлер санын өсiрiп, мемлекетке салмақ салмайтын болады.
2.8. Экономиканы теңдестiре дамыту қажеттiгiне сай келетiн
аумақтық даму
Бүгiнгi таңда тұтас алғанда елiмiздегi экономикалық жаңарудың "локомотивi" болуға қабiлеттi дамыған өңiрлiк орталықтардың экономикалық қызметiн жандандыруға, сондай-ақ өңiрлердiң ұтымды экономикалық мамандануын қалыптастыруға бағытталған осы заманғы жаңа аумақтық даму стратегиясы қажет. Мұның бәрi де Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясында бейнеленуге тиiс.
2.9. Астананы осы заманғы әлемдiк стандарттарға сай келетiн
қала ретiнде, Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың iрi
орталықтарының бiрi ретiнде дамыту
Қысқа мерзiмнiң iшiнде Астана елiмiздiң осы заманғы жедел өсiп келе жатқан iрi қаласына айналып үлгердi. Оның еуразиялық кеңiстiктегi үлгiлi астанаға айналуы үшiн, елiмiздiң тұрлаулы дамуын қамтамасыз етудiң негiзiне айналуы үшiн толық мүмкiндiгi бар.
Бiз бұл үшiн бiрнеше ауқымды жобаларды iске асыруымыз керек.
Астананың сол жағалауында осы заманғы медицинаның негiзгi бағыттарын бiрiктiретiн жаңа орталықтың негiзiнде осы заманғы, инновациялық және серпiндi медициналық қызмет кластерiн құру қажет.
Елордамызда бiрегей академиялық орта қалыптастыру үшiн бiз халықаралық деңгейдегi беделдi университет құратын боламыз.
Сонымен қатар, құрылыс материалдары, жиһаз, азық-түлiк өнеркәсiбi салаларының өндiрiстерi және басқа да бәсекеге қабiлеттi бағыттар шоғырландырылатын индустриялық аймақтың дамуын да қамтамасыз ету қажет.
Әрбiр құрылыс салушы өз капиталының бiр бөлiгiн қаланың әлеуметтiк саласының дамуына жұмсауға тиiс. Бұл қаланы дамыту үдерiсiне бизнестi және халықты тартудың маңызды факторы болып табылады.
Әлемдiк бизнестiң, iскерлiк туризмнiң, халықаралық маңызы бар ғылыми және мәдени шаралар өткiзудiң тартымды орынына айналдыру үшiн қаланың беделдiк бейнесiн көтере беруге баса көңiл бөлу керек.
Келешекте қаланың дамуы Темiртау, Қарағанды агломерациясы және Щучье-Бурабай курорттық аймағы қалаларын қамту арқылы құрылатын желiлiк "өсу аймағының" жасақталуы арқылы өзгеруге тиiс.
2.10. Нақты iске асыру
Екiншi басымдықты нақты iске асыру мақсатында Үкiметке мыналарды тапсырамын:
- Валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн оңайлату арқылы "Валюталық реттеу туралы" Заңға тәуелдi актiлердi әзiрлеу жұмыстарын аяқтайтын болсын.
- 2007 жылдан бастан қосымша құн салығының ставкасын 1%-ға, ал 2008-2009 жылдары қосымша тағы да 1-2 %-ға азайту.
- 2008 жылдан бастап әлеуметтiк салық шамамен 30%-ға азайтылып, ол жұмыс берушiлердi жұмысшылар жалақысын өсiруге ынталандыруы керек.
- 2007 жылдан бастап, барлық жеке тұлғалар үшiн табыс салығының 10%-дық белгiленген мөлшерлемесi енгiзiлсiн. Еңбекақысы аз жұмысшылар санатының табыс деңгейiн сақтау мақсатында айлық есептiк көрсеткiштiң орнына олардың салық салынатын табысынан ең аз жалақы мөлшерiн алып тастауды ұсынамын.
- 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын бизнес субъектiлерi үшiн салық салудың кемiтiлген бiрыңғай мөлшерлемесi енгiзiлсiн.
- Алты ай iшiнде жоғарыда айтылған Салық қызметiнiң арнайы бөлiмiн құру жөнiнде нақты ұсыныс әзiрлесiн.
- 2006 жылы мұнай-химия өндiрiсiн дамытудың таяудағы он жылға арналған кешендi Бас жоспарын белсендi түрде iске асыруды қолға алсын.
- Пайдалану мен тиiмдiлiк өлшемiнiң нақты мақсаттарын айқындау арқылы Мемлекеттiк меншiктiң бiрыңғай тiзiлiмiн жасасын.
- 2006 жылдың iшiнде келiсiм-шарттық мiндеттемелердi орындау үшiн жауапкершiлiктi арттыруға бағытталған қосымша шаралар кешенiн әзiрлеп, талқылауға ұсынатын болсын.
- Ұлттық банк пен Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу жөнiндегi агенттiк компаниялардың жарғылық қорындағы үлестерi аз инвесторлардың, акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау туралы заңды әзiрлесiн.
- "Электрондық үкiмет" жобасын iске асыруды жеделдетсiн. Ол үшiн биылғы жылы "Бiрiздендiрiлген номерлердiң ұлттық тiзiлiмi туралы" Заң қабылдануға және "Ақпараттандыру туралы" Заңға тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуге тиiс. Нақты iске асырылған жағдайда мұның өзi әрбiр азаматтың ендi қазiргi кезде жиi талап етiп жүрген СТН, ӘЖК, төлқұжат нөмiрi және басқа да құжаттардың орнына өзiнiң әмбебап дербес кодын иеленуiне мүмкiндiк бередi.
- Алты ай iшiнде монополияға қарсы және бәсекелестiктi қорғау туралы заңнамаларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзiлсiн.
- 2006 жылы Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi Аумақтық даму стратегиясын әзiрлеудi аяқтайтын болсын.
- Үш ай iшiнде әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациялар құру тұжырымдамасын әзiрлесiн және 2006 жылдың қыркүйегiне дейiн нақты көрсетiлген өңiрлерде ӘКК құрайтын болсын.
- 2006 жылы Астана қаласының 2030 жылға дейiнгi стратегиялық даму жоспарын және Астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруды қолға алсын.
- Алты ай iшiнде заңнамаға "Самұрық" мемлекеттiк холдинг компаниясының қызметiне қатысты өзгерiстер енгiзсiн және ұлттық компаниялардың құнды қағаздарын қаржы рыногына шығару бағдарламасын әзiрлесiн.
3. Yшiншi басымдық:
Халықтың неғұрлым "әлжуаз" топтарын қорғайтын және
экономиканың дамуына қолдау көрсететiн осы заманғы
әлеуметтiк саясат
Әлеуметтiк саланы одан әрi жаңартудың барынша басым бағыттарының қатарына мыналар жатады.
3.1. Халықтың неғұрлым "әлжуаз" топтарына қолдау көрсету
Мемлекет, бұрынғысынша, халықтың әлеуметтiк жағынан "әлжуаз" топтарына қолдау көрсету үшiн қаражат аямайтын болады.
Өңiрлiк әскери жанжалдарға қатысушылар мен халықтың бiрқатар басқа да санаттарына мемлекеттiк қолдау көрсету деңгейiн көтеруге болады әрi солай iстеу қажет деп санаймын.
Әлеуеттi құрылымдар зейнеткерлерiнiң зейнетақыларын төлеуде орын алған келеңсiздiктер жойылып, мұнда тиiстi тәртiп орнатылуға тиiс.
Жеке сектордың әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн қамтамасыз етуге, әсiресе бiлiм алу мен жаңа мамандықтар беру iсiне қатыстыратын, сондай-ақ, бизнестiң әлеуметтiк тұрақтылықтағы жауапкершiлiгiн күшейтетiн уақыт жеттi.
3.2. Әлеуметтiк қолдау көрсету жүйесiнiң нарықтық экономика
талаптарына сай қайта бағдарлануы
Нағыз пәрмендi әлеуметтiк саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келдi және болып қала бередi.
Мемлекет қоғамның шын мәнiнде осындай көмекке зәру мүшелерiне ғана қолдау көрсету жөнiндегi толық жауапкершiлiктi өз мойнына алуға мiндеттi деп санаймын.
Осыған орай әлеуметтiк көмек көрсету саясаты "әлеуметтiк топтардың мұқтаждықтарымен" айқындалуға тиiс емес, қайта "еңбекке қабiлеттi азаматтарды жұмысшылар сапына қосуға даярлау" мiндетi ауқымында шоғырландырылуға тиiс. Азаматтарға қолдау көрсетудiң мемлекеттiк жүйесi олардың қайта оқып-үйренуi мен жаңа кәсiптi меңгеруiне ынталандыру бағытында құрылуы керек.
Өткен жылдың тамызында менiң қазақстандықтармен тiкелей эфир арқылы жүздесуiм кезiнде зейнетақы мен әлеуметтiк төлемдердi әр айдың өзiнде төлеу жайында өте көп ұсыныстар келiп түстi. Бұл мәселенi шешетiн боламыз.
Әлеуметтiк қызмет көрсету саласын, әлеуметтiк қызмет көлемiн кеңейту және олардың сапасын арттыру үшiн әлеуметтiк қызметтiң кепiлдi және қосымша тiзбесiн әзiрлеп, оны заң жүзiнде бекiту және оларды беру тәртiбiне өзгерiстер енгiзу қажет.
Әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарын енгiзу әлеуметтiк қызмет көрсету iсiмен шұғылданатын ұйымдардың қызметiн мiндеттi түрде лицензиялауды кiргiзу және ола