Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық құрамның 2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша көлемдер туралы ақпарат

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезіндегі қазақстандық құрамның 2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша көлемдер туралы ақпарат

2012 жылғы қаңтар-ақпан жағдай бойынша жиынтық есепке сәйкес жалпы Қарағанды облысы бойынша міндеттемелер мемлекеттік сатып алудың 17 283 шарты бойынша 13млрд.952млн.теңгеге атқарылған, тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің қазақстандық құрамы 12млрд.722млн.теңге немесе 91,18% құрады (76,21% орташа республикалық құрамнан 14,97 тармаққа жоғары).
Мұнымен қатар, мемлекеттік сатып алу:
- тауарлар бойынша 2млрд.585млн.теңгеге, оның ішінде  отандық тауарлар – 1млрд.544млн.теңгеге немесе 59,72% (47,93% орташа республикалық құрамнан 11,79 тармаққа жоғары);
- жұмыстар бойынша 7млрд.815млн.теңгеге, оның ішінде  отандық мердігерлер 7млрд.764млн.теңгеге орындаған немесе 99,34% (80,62% орташа республикалық құрамнан 18,72 тармаққа жоғары);
- қызметтер бойынша 3млрд.552млн.теңгеге, оның ішінде отандық қызмет көрсетушілерден – 3млрд.414млн.теңгеге немесе 96,12% (85,91% орташа республикалық құрамнан 10,21 тармаққа жоғары) жасалған.