Бірінші басшыларының өмірбаяны


Мурат Шолтакович Кадеков

Қарағанды облысының  мемлекеттік  

сатып алу басқармасының басшысы.

 

1957 жылғы 17 мамырда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ағадыр кентіңде туған. Білімі жоғары.  1995 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Материалдық ресурстарды басқару және көтерме саудасын ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәмамдады.  1977-1979 жылдары аралығында Кеңес Әскері қатарында борышын өтеді. Еңбек жолын 1974 жылы Ағадыр станциясы локомотив депосының  жұмысшысы, машинист көмекшісі ретінде бастады. 1980-1982 жылдары   «Карагандажилстрой» тестінің Қарағанды ДСК формовщигы, «Қарағандыкөмір» ҚБ «Тентекская» шахтасының жер асты тау жұмыскері болып жұмыс істеді. 1985 жылдан 1989 жылы аралығында «Кузбассгражданстрой» тресінің Ленин құрылыс басқармасында, «Кароблремстрой» трестінің ААБ Кеңесі, «Углеремстрой» трестінің УРСР және ЭСЗ шебері. 1989-1995 жылдары «Қарағандыкөмір» ӨБ Киров ААБ шебері, прорабы, экономисты. 1995 жылдан бастап «Қажет» ШЖӨ бас бухгалтері, 1996 жылдан бастап «Медиана» ЖШС бухгалтері болып қызмет етті.

1997 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етті.  1997 жылы РҚ ҚМ Қарағанды облысы бойынша Қаржылық бақылау комитетінің басқармасында мемлекеттік кәсіпорындарды тексеру бөлімінің бас бақылаушы-тексерушісі болып қызмет етті. 1998 жылы Қарағанды облысы Қазынашылық басқармасының күш ведомстволар ұйымдарын тексеру бөлімінің бас қазынашысы болып қызмет етті. 2001 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі қаржы басқармасының  материалдық өндіріс салалары бөлімінің бас маманы, жергілікті бюджеттерді құрастыру және атқарылуын бақылау бөлімінің бастығы, мемлекеттік органдарында және экономика саласында бюджеттік қаржының қолдануын бақылау бөлімінің бастығы лауазымдарында қызмет етті. 2005 жылдан бастап Қарағанды қаласының қаржы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2007 жылы Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарды. 2008 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысының орынбасары болып қызмет етті.

2014 жылы Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Үйленген, екі баласы бар. 

 


Жанар Арзанқызы Түсіпова 
Басқарма басшысының орынбасары

Жанар Арзанқызы Түсіпова 1981 жылғы 26 желтоқсанда Қарағанды қаласында дүниеге келді.
2002 жылы Қазақстан қаржы-экономикалық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдады. 2003 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін кеден ісі мамандығы бойынша аяқтады.

2003 жылы еңбек жолын Қарағанды облыстық автомобиль жолдары және инфрақұрылымдық кешен құрылысы басқармасында бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы лауазымында бастады. 2004 жылдан бастап Қарағанды облыстық қаржы басқармасында материалдық өндіріс салаларын қаржыландыру бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет етті. Кейін Қарағанды облысының қаржы басқармасы болып аталған, осы басқармада 2012 жылға дейін жұмыс істеді. 2012 жылғы қыркүйек айында Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-экономикалық даму, құрылыс, көлік және коммуникация бөліміне бас маман болып ауыстырылды. 2013 жылы Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі бақылау қызметінің бас инспекторы лауазымына, 2014 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімнің бас инспекторы лауазымына ауысты. 2015 жылғы наурызда бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық негізде Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қарағанды облыстық қаржы басқармасында, Қарағанды облысы әкімінің аппаратында, Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасында қызмет еткен уақытта өзін жоғары білікті және талап қойғыш басшы ретінде көрсете алды. Ұйымдастырушылық қабілеттері бар.

Өзінің қызметтік міндеттерін адал орындайды, еңбек тәртібін сақтайды. Жұмыста және күнделікті өмірде сыпайы. Өзіне және қол астындағы қызметкерлерге талап қоя біледі. Ұжымда беделді. Қарағанды облысы қаржы департаментінің (2005 жылы) және Қарағанды облысы әкімінің (2007 жылы) құрмет грамоталарымен, Қарағанды облысы әкімінің алғыс хатымен (2014 жылы), Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің алғыс хатымен (2016 жылы) марапатталды.