«Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына, «Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымының өзгеруі мәселелері туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 44/01 қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік  мекемесінің ережесі бекітілсін.

2. «Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойған күннен бастап қолданысқа енеді.

 

Облыс әкімі                                                                                             Е. Қошанов